РусскийҚазақша   English   Кыргызча

 

«Үрдістік жұмыс» үлгісі, тағы үрдіске бағытталған көшбасшылық немесе әлемдік жұмыс ретінде белгілі – көшбасшылықты дамытудағы ерекше машық, ол басшыларға өздерінің ұйымдары мен кәсіпорындарының нәтижелілігін арттыруға, оларды нарықта неғұрлым бейімделгіш етуге, жұмыс топтарын командадағы әр адамның қабілеттерін ашу арқылы неғұрлым дәлелді етуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс көшбасшының психологиялық тәжірибесімен тығыз байланысты; ол дағдарыс және қақтығыс кездерінде де салмақты, тұрақты және бейімделгіш болу үшін ішкі жұмыс әдіснамасына үйретеді. «Үрдістік жұмыстың» ерекшелігі – үрдіске бағытталған психологиямен тығыз байланысқа ие кванттық физиканың ғылыми теорияларымен салыстыруда, бұл нақты индивидуумның немесе топтың терең уәжінің ізін басуға мүмкіндік береді.

Бұл көшбасшылықтың жаңа парадигмасы, ол бизнес мектептерде оқытылатын жалпы парадигмадан ерекше. Біздің институт дамытатын жаңа көшбасшылық стилі дәстүрлерді қолдауға және, сонымен қоса, қажет болған өзгерістердің тиімді жолмен жүзеге асуына мүмкіндік береді. Егер сіз білім алуға, дамуға және тұлға мен топтың психологиялық үрдістерін қамтитын жаңа үлгілерді қолдануға құштар ұйым болсаңыз, біз туралы өз әріптестеріңізге хабарлаңыз.

Контакт: info@ddi-centralasia.net.