РусскийҚазақша   English   Кыргызча

Ғаламдық көшбасшылықты зерттеу орталығының,
Терең Демократия Институтының Миссиясы

Біздің миссия – жаһанданған, қарқынды дамудағы ғаламның талаптарына сай жаңа көшбасшылық мәдениетінің дамуына атсалысу.

Үрдіске бағытталған көшбасшылық – бір жағынан ұжымдық сананың және қоғамның барлық деңгейлеріндегі табысқа ұмтылудың, екінші жағынан жеке тұлғаның ұйымдастырушылық өзгерістері мен дамуының негізі болатын ғаламдық модель. Ұжымдық өзгерістер және жеке тұлғаның көшбасшылығының дамуы экологиялық өзгерістерге жету үшін барлық деңгейлердегі әрекеттілікті талап ететін жүйелік құрылым болып табылады.

Терең Демократияның қосымша өнімдеріне жеке тұлғаның уәжі, әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамды қалыптастыру, барлық деңгейлердегі қақтығыстарды шешу және көпжақты көшбасшылықты дамытуды жатқызуға болады. Көшбасшылықты дамыту реттелген даму және ғаламдық тұрақтылықтың негізгі компоненті болып табылады.

Бұл үлгі тек Орталық Азия елдеріне ғана тән емес, ол Вашингтон, Берлин, Сидней, Варшава, Сьерра-Леоне, Мәскеу, Киев және басқа да Терең демократия институтының көшбасшылары әрекет ететін қалалардағы ұйымдастырылған көшбасшылық дамуын реттейді.

Ұйымның концепциялары түгел іскер әлемде және қоғамның басқа да салаларында өзгеріске ұшырауда. Ешкім бүгінгі күні  ÐºÓ©ÑˆÐ±Ð°ÑÑˆÑ‹Ð»Ñ‹Ò›Ñ‚Ñ‹ барлық ұйым жұмысын бір ғана адам реттейтін статикалық модель ретінде қарастырмайды. Көшбасшылық – ұйымның барлық деңгейлерінде білімді және бейімделгіш индивидуумдарды талап ететін әріптестіктің толыққанды үрдісі. Коучинг (жаттықтыру) және кәсіпкерлік шеберлік – психологиялық, эмоционалдық және саяси реттелген даму жолындағы шығармашыл әлеуметтік, саяси және бизнес-шешімдер дамуының маңызды аспектілері.

Терең демократия институтындағы көшбасшылыққа үйрету бағдарламасына қатысушылар жеке өмірі мен іскери қатынастары, мақсаттарына жету және жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша құнды машықтарға ие болады. Одан басқа, білім алу үрдісі тәжірибеге негізделген жоғары, өзіндік көшбасшылық мәдениеттің дамуына атсалысады. Ол қоғамның барлық таптарында жүзеге асады да, кең – отбасы жүйесінен кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарға дейін – қолдану аясы бар кәсіби және экономикалық дамуға арналған көшбасшылық әдіснамасын ұсынады.