РусскийҚазақша   English   Кыргызча

«Process Work» деген не?

Process Work – Үрдістік Жұмыстардың және Әлемдік жұмыс парадигмасының философиялық негізі, психо-әлеуметтік-саяси теория және әдіснама. Оның негізінде психология, кванттық физика және антропология жатыр.

Process Work термині 1988 жылы Арнолдь Минделлмен енгізіліп, оның Leader as Marital Artist  (Mindell, 1992) атты кітабында атап көрсетілген. Минделл, физик және юнгиандық психоаналитик, бүгінгі күнге дейін сезіну мен шынайылық арасындағы байланыс және оның әр түрлі құрылымдық деңгейлерде қабылдануы тақырыбындағы зерттеулерін және кең баяндауын жалғастыруда. Мысал ретінде біздің уақытты сезінуімізді келтіруге болады: сағаттағы секундтардың өлшемдік шынайылығы, уақытты түске ұқсас «субъективтік» қабылдау – сүйіктісімен кездесу кезіндегі немесе оппонентімен қарама-қайшылық кезінде – және таңсәрідегі барлық «белгілі» уақыт өлшемдерінен тыс, болашаққа үміт беретін уақытсыздық болмысын сезіну. Минделл бұл парадигманы Үрдістік жұмыс деп атаған. Ол өзінің көптеген еңбектерінде бұл принциптерді тұжырымдап, оларды жеке немесе топтық трансформацияға бағытталған фасилитация жұмысы үшін қалай қолдануға болатынын көрсетеді.

Сексенінші жылдардың соңында Минделл бұл принциптерді «Process Work» деп аталған философиялық көзқарас ретінде тұжырымдай бастады. Бұл көзқарас төмендегі концепиялар арқылы танымал бола бастады:

Көпшілікке бағыну ұстанымын қолдайтын «классикалық» демократиямен салыстырғанда, Process Work Ð¿Ñ€Ð¸Ð½Ñ†Ð¸Ð¿Ñ– барлық сана пікірлері, жағдайларының және шынайылық құрылымдарының бірдей деңгейде маңыздылығы принципін ұстанады. Process Work, сонымен қоса, қоғамдық жүйеде өтіп жатқан барлық үрдістерді толық түсіну үшін алуан түрлі пікірлер, сана деңгейлері және құрылымдарындағы барлық ақпарат қажет. Process Work â€“ барлық, негізгі және маргиналды, пікірлерді сезінуге бағытталған қатынас.

Осындай сезіну типі топтар, ұйымдар, жеке ішкі тәжірибе және қақтығыстық қатынастарға бағытталуы мүмкін. Алғашқыда қажетсіз, ұсақ оқиға немесе сезім деп қабылданған үрдісті салмақты түсінуге мүмкіндік бере отырып, көп жағдайда ішкі және сыртқы қақтығыстардың қауырт шешімдерін таба аламыз.

«Process Work» термині және оның концепциялары бүгінгі күні басқа да көптеген топтармен және басқа әдістер арқылы қолданылса да, Минделл олардың барлығына ортағын тұжырымдады: Process Work â€“ барлығымызға арналған пьесадағы актерлерді түгелімен қажет ететін ағым үрдісін сезіну.

Process Work â€“ бірлестік құрудың кез келген деңгейінде туындайтын табиғи үрдіс, алайда ол кей жағдайда байқалмайды және қолданылмайды. Дәстүрлі демократия саяси үрдістің барлық қатысушыларын қамтуға тырысса, Терең Демократия бір қадам алда, ол барлық адамдарға өзінің жеке дауыс құқы үшін кеңістік беру арқылы диалог пен қатысудың одан да терең деңгейін қалыптастыруда. Бұл адамдар қарама-қайшы пікір, сезім, коммуникация стильдерінің иелері болуы мүмкін – осы арқылы биліктің, артықшылықтар мен басқа пікірдегі адамдар мен топтарды ығыстыратын күштер потенциалының салыстырмалы екендігі сезіледі.

Process Work ÑÐ²Ð¾Ð»ÑŽÑ†Ð¸ÑÑÑ‹

«Ең басты сын – сенің жүрегіңде. Фасилитатор және жеке тұға ретінде сен өз жүрегіңді естіп үйренуің қажет». (Арнольд Минделл, «Оттың ішінде», 1995)

Process Work ÐºÐ²Ð°Ð½Ñ‚Ñ‚Ñ‹Ò› физика негізінде туындаған философиялық концепциялармен байланысты көптеген аспекттерді қамтиды. Өзінің терең мағынасында Process Work Ð±Ð°ÑÒ›Ð° адамдар мен топтардың пікірлерінің ашықтығын қолдайды. Ол, сонымен қоса, қақтығысты рационалды қоғамдық талқылау кезінде шеттетіліп қалатын эмоциялар мен жеке ойларға зор мән береді (Mindell, 1992).

Process Work ÐºÓ©Ð¿Ñ‚еген салалармен тығыз байланыста, бұл тақырып маңында көптеген авторлардың еңбектері жарияланған, кейбіреулері терминді Минделл тұжырымдамасы бойынша қолданса, басқалары оның тек жеке аспекттерін (crossovers кезіндегі жағдайлар) талқылады. Қосымша ақпарат біздің Ð¶Ó™Ð½Ðµ DDI сайттарында ұсынылған.

Process Work Ð½ÐµÐ³Ñ–згі концепцияларының бірі мета-машықтарды сезіну, қолдау және қолдану – бұл концепция Эми Минделлмен жасалған (біздің тәжірибеміздің негізінде жатқан сезімдер және олардың арақатынасы). Алуантүрлілікке ашық болу және әр түрлі пікірлер арасындағы диалог фасилитатордың топтық мүддемен толықтай келісімін білдіре бермейді – бұл мета-машықтардың бірі (алайда көп жағдайда ол сезінудің жеткіліксіздігін айқындатады). Фасилитаторлар, соған қоса, қатігездік, ашу-ыза, келіспеушілік, махаббат, басқаның қамын ойлау және келісімге келуге құштарлық сияқты басқа да мета-машықтарды іске асыруы, көрсетуі керек. Жоғарыда аталған мета-машықтардың кейбірі табиғи болуы мүмкін. Фасилитатор өзінің жүзеге асырылып отырған интервенциясын толықтыру үшін ішкі табиғи үнін қолданған кезде ол мета-машықты қолданады. Сондықтан фасилитатордың адами, ішкі психологиялық және рухани дамуы аса маңызды.

Process Work Ñ‚ек басқа адамдар, топтар мен алуан түрлі пікірлерге ашықтықты ғана емес, сонымен қатар сезім, түс, дене симптомдары, сихнрондылық, сигналдар мен рөлдердің қатысушы тараптар арасындағы құрылымдық динамикасын сезінуге де ашықтықты көздейді.