РусскийҚазақша   English   Кыргызча

DDI Орталық Азияда білім алу жолы

Біздің пікірімізше, «білім алу бағдарламасы» концепциясы DDI Орталық Азия  ұсынатын білім алудың кең және терең  мүмкіндіктерін толықтай айқындап бере алмайды.

Оның орнына біз «білім алу жолы» концепциясын қолдануды жөн көреміз. Біздің сабақтар білім алудың фасилитациясына, әр адам оқу ортасы, сертификация және мамандану сияқты үш элемент аясында өзіне ғана тән жолды қалыптастыра алатын білім алудың динамикалық үрдісін жасауға бағытталған.

1. Білім алу ортасы

Семинарлар – вебинарлар – жаттықтыру (коучинг) сессиялары – екіжақты оқыту – жобалар – интернатура – және т.б.

2. Басқарушы топ

Өзіңіздің оқу жолыңыздағы фасилитация үшін таңдаған тобыңыз

3. DDI Сертификациясы – DDI Мастері – DDI Дипломы

Таңдаған оқу жолындағы DDI компетенцияларын белгіленген деңгейде меңгеруін мадақтау дәстүрі

4. Мамандану

Біз ұсынған көшбасшылыққа үйрету төмендегідей салаларда мамандану мүмкіндігін береді: үрдістік жұмыс (ҮЖ) жаттықтыру (коучинг), үлкен топтардың ҮЖ фасилитациясы, ұйымдастырушылық өзгерістердің ҮЖ менеджменті және қақтығыстарды ҮЖ тұрғысынан шешу.

Білім алудың бұндай жолы үрдістік жұмыс үлгісіндегі көшбасшылық компетенциясының дамуын жүзеге асырады. Әр қатысушыға өзіне тән және қолайлы кәсіби деңгейді таңдау мүмкіндігі беріледі:

  • сертификат
  • жобаның қорғалуын қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы сертификат
  • үрдістік жұмыс дипломы

Дипломдық жұмыс маманданудың төмендегідей салаларының біріне бағытталған:

  • үрдістік жұмыс көшбасшылығы
  • үрдістік жұмыс жаттықтыруы (коучинг)
  • үрдістік жұмыс фасилитациясы
  • қақтығыстарды үрдістік жұмыс тұрғысынан шешу

Сіз қайда білім ала аласыз?

Сіздің қалауыңыз бойынша. Өзіңіздің мүддеңізге, білім алу мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдеріне сәйкес, біздің филиалдардың бірінде, бірнешеуінде немесе барлығында білім алуға мүмкіндігіңіз бар. Сертификаттау жиналған компетенцияларға негізделгендіктен, сіз сонымен қоса DDI Орталық Азияныңбасқа топтарында да білім алып, тренингтерге қатыса аласыз.

Бізді Сан-Франциско, Найроби, Амстердам, Портленд, Палестина, Валенсия, Ханой, Киев, Мәскеу, Париж және Алматыдан таба аласыз.

Бұның төлемақысы қандай?

Төлем оқу үрдісі кезінде – семинарлар мен сессиялар үшін – индивидуалды негізде жүзеге асады. Бағалар білім алу мен басшыларды жаттықтыру (коучинг) саласы үшін орташа және аумақтағы қаржылық жағдай мен валютаға бейімделген. Жалпы сома сіз таңдаған мамандану дәрежесіне байланысты болады. Төменде соманы анықтаудың кейбір мүмкін болатын мысалдары келтірілген.

Кім семинарлар мен тренингтерге қатыса алады?

Біз ашық оқу бағдарламаларын көп жылдар бойы өткізіп келеміз. DDI 2006 жылы негізі қаланғаннан бастап, біздің студенттердің көп бөлігі білімін толықтыру мақсатымен оқу бағдарламасына қайта оралды. Біз мұны мақтан тұтамыз. Біздің студенттер толық бағдарламаны әрқайсысын аяқтағаннан кейін сертификаттау жүзеге асатын деңгейлерге бөлу туралы ұсыныс жасады. Біз – кішігірім топпыз, және білім беру сапасын жоғалтпас үшін студенттерді шағын топтарға бөліп жұмыс істегенді жөн көреміз.

Біздің семинарлар әркім үшін ашық. Оқу компетенцияларға негізделгендіктен, сіз кейінірек біздің басқа бағдарламамызға қатысқыңыз келсе, алдын-ала жинаған машықтарыңызды сертификаттау үшін қолдана аласыз.

Егер сізді білім алу бағдарламасы қызықтырса, қосымша ақпаратты PDF-құжаттан және видео-презентациядан (І бөлім, ІІ бөлім) табасыз. Сонымен қоса туындаған барлық сауалдарыңызды info@ddi-centralasia.net электронды поштасы арқылы біздің білім беру кеңесшілеріміздің біріне қоя аласыз.