РусскийҚазақша   English   Кыргызча

DDI Орталық Азия

Макс Шупбах, Ph.D. (Портленд, АҚШ), Эллен Шупбах, Ph.D. (Портленд, АҚШ)

Макс Шупбах - Ò¯Ñ€Ð´Ñ–стік жұмыс саласындағы дипломант маман, әлемдік деңгейдегі жаттықтырушы және фасилитатор. Арни және Эми Минделдермен бірге үрдістік жұмыстың негізін қалаушысы болып табылады. Солтүстік Америка, Азия, Австралия, Еуропа және Африкадағы көптеген оқу орталықтарын ашу, дамыту, басқару жұмыстарын жүргізген. maxfxx (www.maxfxx.net) Fortune 100 компаниясы, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік институттар мен діни қауымдастықтар сияқты ұйымдармен әлемдік жұмыс жүргізетін консалтинг фирмасының президенті. 

Макс Шупбахтың клиенттеріне австралиялық аборигендер қауымдастықтарын және Солтүстік Америкадағы үндіс тайпаларын, Оңтүстік Африкадағы көпұлтты басшыларды, қайта құруға дейінгі және қайта құрудан кейінгі поляк, балтық, ресейлік ұйымдарды, қосылуынан кейінгі Шығыс және Батыс Германия тұрғындарын, Югославиядағы соғыс кезіндегі серб-хорват босқындар лагерлерінің қауымдастықтарын, қатал режим түрмелеріндегі тұтқындар мен әкімшілік құрамды атап айтуға болады.
Email: max.schupbach@ddi-centralasia.net.

Эллен Шупбах - Ò¯Ñ€Ð´Ñ–стік жұмыс саласындағы дипломант маман, көшбасшы және фасилитатордың жеке дамуын кәсіби түрде жүзеге асырады. Эллен фасилитатордың рухани тәжірибесі туралы докторлық диссертация қорғаған. Ол өзінің әріптесі Макспен үрдістік жұмысқа үйретуді әлемдік деңгейде жүргізеді, жаттықтырушы және психолог ретіндегі жеке тәжірибесі бар. Сонымен қатар Эллен – дүние жүзі бойынша көшбасшылық мәселелерін зерттейтін, бүгінгі алуантүрлі қоғамда әрекеттестікке түсетін жүйелерді дамытуға бағытталған көшбасшылық тренингтер өткізетін ғаламдық зерттеу орталығы, DDI негізін қалаушылардың бірі және Атқарушы Директоры. Палестина, АҚШ, Ұлыбритания, Украина және Кенияға арналған тренингтік бағдарлама авторларының бірі. Орталық Азияда семинарлар өткізу бойынша Директор.
Email: ellen.schupbach@ddi-centralasia.net

Юлия Филипповская

Дамыту жұмыстары бойынша директор, ТМД, және Операциялық директор, Украина. Коммуникация және PR саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар маман, Hub Kyiv кәсіпкерлерді оқыту және дамыту ұйымдастырушысы, TEDxKyiv тең ұйымдастырушысы, Pioneers of Change және Art of Hosting ғаламдық қауымдастықтар мүшесі. "Крафт Фудз Украина" компаниясында 8 жыл адами ресурстар және ұжымдық байланыс бөлімдерінде жұмыс атқарған. Бұған дейін тәуелсіз журналист болып жұмыс істеген. Юлия Халықаралық Христиан Университетінде (2002) бизнес-басшылық бойынша бакалавр дипломына және Киев-Могилян Журналистика Мектебінде (2006) магистр дипломына ие.
Email: yuliya@ddi.in.ua.